Әуежайда бренд әшекейлерді пара беріп заңсыз өткізбек болған
Құны 57 млн теңге. Бренд әшекей бұйымдарын заңсыз алып өтпек болған әйел Астана әуежайында ұсталды. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Автор: Айғаным Достанбай
20.10.2023
Түркиядан заңсыз алып келе жатқан зергерлік бұйымдарын кедергісіз өткізбек болған. Сөйтіп кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген. Әуежай қызметкері есесіне күдіктінің жүгін тексеріссіз өткізіп, кедергісіз ұшаққа отыруына жағдай жасаған. Қазір екеуі де қамауға алынып, тергеп-тексеру жұмысатры басталды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:
- Аталған азамат жүгін өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды адамға 860 мың теңге пара берген. Сот екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!