Қазақпен құда ДДСҰ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ілтипатын жеткізді
«Қайырлы таң, құда!» Бүгін Астана мен Алматы декларациясының мерейтойына келген Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының төрағасы алғысөзін осылай бастады. Қазақтан қыз алып отырған Тедрос Гебрейесус президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа біздің елді жақсы көретінінін ерекше ілтипатпен жеткізді.
Автор: Айжан Шамшидин
23.10.2023
Тедрос Аданом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:
- Құрметті құда, президент Тоқаев! Құрметті министрлер, достарым! Қазақстанға келген әрбір сапарым мен үшін ерекше. Менің келінім қазақ ұлтынан, екі жиенім бар. Сондықтан Қазақстанды жанымның бір бөлшегіндей көремін.
Мәжілісмен Дәулет Тұрлыхановтың құдасы Тедрос Аданом Гебрейесус Қазақстанның жиі қонағы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен мемлекеттердің медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі коалициясын құруды ұсынды. Бұл бірлестік медициналық-санитарлық алғашқы көмекті дамытуға мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы денсаулық сақтау мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің халықаралық жүйесін жетілдіру ісінде Алматы және Астана декларацияларының маңызы зор екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:
- Бұл коалицияның негізгі міндеті — денсаулық сақтау саласындағы алдын алу принциптерін әрі қарай ілгерілету, сондайақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау болу керек. Мен бүгін жас делегаттардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек саясаты мен тәжірибесі туралы қорытынды мәлімдемесін асыға күтемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!