{metadescription}
Республика күнінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі
Республика күнінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі

Республика күнінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі

Республика күні қарсаңында еліміздің барлық өңірінде қоғамдық тәртіпті бақылау күшейтіледі. Ішкі істер министрлігі ертеңнен бастап іске кіріскелі отыр. 

Жауапты ведомсто жергілікті әкімдіктермен бірлесе мәдени іс-шаралар өтетін орындарды бақылайды. Жалпы қатаң тәртіптің бұзылмауына полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның 20 мыңға жуық қызметкері жұмылдырылады. Жедел штаб жұмысына бейнебақылау камералары мен жол жиегіндегі «Сергек» те көмектеспекші. Мереке күні Қазақстанда заңсыз митинг өткізуге рұқсат етілмеген.

Айдын Оразбаев, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің аға инспекторы:

Полиция жасақтары азаматтар мен көп жиналатын әрі демалатын орындарға жақындатылады. Сонымен қатар адамдар жиі шоғырланатын орындар жедел басқару орталықтарының бейнебақылау камералары мен визуал бақылауға алынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде