Абай облысының тұрғындары дауылда сақ болсын
Абай обылысында екі күннен бері дүлей дауыл басылмай тұр. Екпінді желден Семейде құлаған талдар көшедегі көліктерді басып қалған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
23.10.2023
Секундына 28 метр жылдамдықпен соққан желге ағаштар шыдас бермей жатыр. Табиғаттың тосын мінезінен электр желілері үзіліп, кей аудандар жарықсыз қалды.
Ал Бесқарағай ауданында дүлей дауыл мектептің спорт залының шатырын жұлып әкетті. Қазір облыс орталығында коммуналдық қызмет көшедегі құлаған тал-теректерді тазалап жатыр. Ауа райын болжаушылар алдағы уақытта желдің екпіні бұдан да күшейеді дейді. Сондықтан құтқарушылар көшеде, биік ғимараттар мен ағаштардың арасында өте сақ жүруді ескертеді.
Нұрлан Киікпаев, Абай облысы ТЖД қызметкері:
- Абай облысында оңтістікбатыстан соғатын жел солтүстік- батысқа ауысады. Сондықтан облыстың солтүстігінде желдің күші 15-20 метрге жетеді. Батыс пен орталығында епкіні 23-28 метр секундқа артады. Төтенше жағдайлар департаменті Абай облысының тұрғындары мен қонақтарын сақ болуын сұрайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!