{metadescription}
Оралда дәмхана өртінен зардап шеккендердің жағдайы ауыр
Оралда дәмхана өртінен зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Оралда дәмхана өртінен зардап шеккендердің жағдайы ауыр

Оралда ақ халаттылар дәмханадан шыққан өрттен зардап шеккен екі азаматтың өмірі үшін күресіп жатыр. Жансақтау бөліміндегі науқастардың денесі 25-40 пайызға дейін күйіп қалған. Жағдайлары өте ауыр дейді дәрігерлер.

Өрт кешкі сағат он шамасында «Арбат» дәмханасының ас бөлмесінде тұтанған. Тұрмыстық техника мен жанармай генераторы бірден отқа оранған. Кешкұрым халық көп жиналатын жерге дереу 50 шақты өрт сөндіруші мен бірнеше жедел жәрдем көлігі келген. Өрттен бес адам зардап шекті. Оның үшеуі 17 жастағы бозбалалар. Барлығы да газдан уланған. Дәрігерлердің кеңесінен кейін үшеуі де үйіне жіберілген. Ал 25 және 64 жастағы екі азамат жансақтау бөлімінде жатыр. Олардың денесі оңбай күйіп қалған дейді ақ халаттылар.

Данияр Қажығалиев, Орал ауруханасының бөлім меңгерушісі:

1998 жылғы науқастың денесі 35-40 пайыз күйік. Екінші 64 жастағы науқаста 20-25 пайыз күйген. Жансақтау бөлімінде жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде