Шымкентте қызылша жұқтырғандар төрт мыңнан асты
Шымкентте қызылша жұқтырғандар көбейді. Жыл басынан бері аталмыш дертке шалдыққандар саны 4 мыңнан асып кеткен. Оның 90 пайызы төрт жасқа толмаған балалар дейді дәрігерлер.
Автор: Бек Әбиев
23.10.2023
Қзылша әсіресе қыркүйек айында көп таралыпты. Қазірдің өзінде күніне 60-70 адам ауруханаға жеткізіледі екен. Науқастардың көптігінен қаладағы жалғыз жұқпалы аурулар ауруханасы қосымша төсек-орынмен жабдықталған.
Дәрігерлер ауырғандардың бәрі қызылша ауруына қарсы екпе салдырмаған дейді. Егер бұл кеселді дер кезінде емдемесе, пневмония немесе менингит сияқты ауыр дертке ұласуы мүмкін.
Бақтығали Ережепов, Шымкент жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері:
- Екпе міндетті түрде салдыру керек. Бұл ауру, естеріңізде болса, вакцина бақаратын,яғни акцинамен ауыртпауға болады. Бұрын вакцинаны жаппай салдырғанда бұл диагноз мүлдем кездеспейтін. Қазір вакцина салдырудан бас тартқандар көп. Вакцина салдырғандар ауырмайды деген емес, тек қызылша жеңіл түрде өтеді. Ешқандай асқыну болмайды. Сол себепті вакцинаны міндетті түрде салдырту керек деп айтам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!