{metadescription}
«Алтын орда» басшысы орынбасарының адвокаты мен жақындары мәлімдеме жасады
«Алтын орда» басшысы орынбасарының адвокаты мен жақындары мәлімдеме жасады

«Алтын орда» басшысы орынбасарының адвокаты мен жақындары мәлімдеме жасады

Осы жазда есірткімен ұсталған «Алтын орда» базарының директорының орынбасары Ермек Марқабаевтың адвокаты мен жақындары мәлімдеме жасады. Айтуларынша, оны ұстау және тергеу кезінде бірқатар заңбұзушылыққа жол берілген. Мәселенің мән-жайы толық ескерілмей, іс сотқа жеткеніне шағымданады.

Динара Жұбатова, адвокат:

Бүкіл қылмыстық іс материалдарымен таныстырмаған. Сонымен қатар айыптау актісін қолымызға бермеген. Не қорғаушыға, не Марқабаевтың өзінің тапсырылмаған. Ұстаған кезде телефонын тартып алған. Сол телефоннан бір белгісіз тұлға телефонын алып, Ермек Марқабаевтың атынан таныстарынан, достарынан қарызға ақша сұраған. Кімнің жазғанын білмейміз.

Баспасөз мәслихатына Ермек Марқабаевтың жақындары да қатысты. Айтуларынша, тергеу изоляторында денсаулығы нашарлап кеткен. Сол себепті кепілмен үй қамаққа шығаруын сұрайды.

Ермек Марқабаев биыл маусым айында Алматы - Бішкек тас жолында ұсталған болатын. Тінткен кезде қалтасынан есірткі табылды. Алайда қорғаушысы оған қасақана салынғанын дәлелдейтін видеомыз бар, оны сотта ұсынамыз деп отыр. Ішкі істер министрлігі сол кезде оған есірткі, қару-жарақ пен жарылғыш заттарды заңсыз алып жүрді деген айып тағылғанын хабарлаған. Бес ай тергеуден соң іс сотқа жетіп, алғашқы отырыс апта соңына дейін өтуі мүмкін.

Ұлан Марқабаев, күдікті Е.Марқабаевтың туысы:

Ермектің ісінде заңбұзушылық көп. Оның кінәлі емес екенін дәлелдейтін айғағымыз бар. Сол сотта ескерілсе екен дейміз. Бұл істе барлық дәлел мен дәйек ескерілуі тиіс. Өйткені бір адамның тағдыры шешілгелі тұр. Сот әділ өтеді деп үміттенеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде