{metadescription}
Атырауда мектептердің жөндеуі бітпей, оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр
Атырауда мектептердің жөндеуі бітпей, оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр

Атырауда мектептердің жөндеуі бітпей, оқушылар үш ауысыммен оқуға мәжбүр

Атыраудағы кейбір мектептің оқушылары сабақты отыз минуттан оқуға мәжбүр. Себебі жөндеуге жабылған білім ошақтары дер кезінде пайдалануға берілмеген. Соның салдарынан үш ауысымды мектеп саны артып, ата-аналар тарапынан наразылық туған.

Дәурен Боранғалиев:

- 45 минуттан болмайды, 30 минуттан болады. Өйткені үш кезеңнен оқиды. Балаларға қиын, 30 минуттан бала ештеңе оқып үлгермейді. Мектепті жөндеп жатыр. Жасап болғанда да білмеймін енді, аяғына дейін бітпей қалады деген ойдамыз. Биыл бәрін үлгермейді.

Мәселен, қаладағы №19 мектепте жөндеу маусым айында басталған. Оған бюджеттен 450 миллион теңге бөлінгенімен, бес айда жұмыстың жартысы ғана істелген. Жылу, жарық, кәріз әлі іске қосылмаған. Соған қарамастан мердігер құрылыс жұмыстарын қараша айының соңында аяқтаймыз деп ақталып отыр. Алайда алажаздай бітпеген жөндеудің бір айда аяқталатына ата-аналардың күдігі көп. Ал білімге жауаптылар мектептің уақтылы ашылмауы мердігердің немкеттілігінен деп отыр. Егер уақытылы тапсырмаса, құрылыс компаниясын сотқа береміз дейді.

Айнагүл Дүйсекенова, Атырау білім бөлімінің басшысы:

Егер де осы мерзімінде, уақытында мердігер нысанды тапсырмайтын болса, білім беру бөлімі және мектеп әкімшілігі сотқа жүгінетін болады. Әрі қарай сот осы жұмысты аяқтауды міндеттейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.