{metadescription}
Жұмыссыз қыз-келіншектер IT-мамандығының қыр-сырын меңгерді
Жұмыссыз қыз-келіншектер IT-мамандығының қыр-сырын меңгерді

Жұмыссыз қыз-келіншектер IT-мамандығының қыр-сырын меңгерді

Екі мыңнан аса жұмыссыз қыз-келіншек IT-мамандығының қыр-сырын меңгерді. Екі ай бойы онлайн форматта компьютерді пайдалану, веб-сайттар мен түрлі қосымша жасап шығару курстарынан өткен.

«IT әйел» жобасына жұмысқа орналаспаған қыздар мен бала күтімімен үйде отырған аналар қатысты. Бағдарлама аясында қыз-келіншектер компьютерден сауатын арттырып, вебинарлар, воркшоптар және арнайы сессияларда білімін шыңдады. Мәселен, фриланс скул аясында қатысушылар қашықтан жұмыс істеп, әлемнің түкпір-түкпірінен тапсырыс қабылдауды үйренген. Ақпараттық технология саласында әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға арналған жобаның игілігін 7 мыңннан аса ару көріп отыр.

Тамызда басталған оқу курсы тегін әрі екі тілде жүргізілді. Оның қорытындысында түлектерге оқуды аяқтағанын растайтын электронды сертификат табысталды. Елордада бағдарламаның үздік 50 қатысушысы салтанатты түрде марапатталып, көпшілікке топ бес жоба ұсынылды.

Дәулет Беймурзинов, Astana Hub білім беру бағдарламалар кеңсесінің директоры:

Біріншіден халықаралық Upwork деген фриланс платформасында тіркелді. Әрі қарай Nocode, Tilda, Webflow, Adalah басқа платформаларын үйренгеннен кейін фриланс платформада басқа компаниялардың тапсырысымен жұмыс істей алады.

Жансая Меңлібаева:

Декретте отырғаныма бес жыл болды. Негізі, нарықтағы сұранысқа ие жұмыс деп айтқым келеді. Енді болашақта туризм мамандығы мен IT саласын байланыстырып, елімізге пайдасын тигізер жобалар жасағым келеді. Adalah бағдарламасын әрі қарай меңгеріп, болашақта табыс табуға үмітіміз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде