Ақтау: Үзіліп кеткен жеделсаты бір адамды жаншып өлтірді
Ақтауда лифт құлап, бір адамды жаншып өлтірді. 34 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмған. Қайғылы жағдай бейнебақылау камерасына да түсіп қалыпты.
Автор: Айман Нұрмағанбет
24.10.2023
Оқиға Ақтаудағы супермаркеттердің бірінде болған. Сауда нысанында әр-түрлі зат сатылып, нан өнімдері де пісіріледі екен. Екі ер адам пісірілген нандарды лифт арқылы тасымалдап жүрген. Осы кезде жедел сатының сымы жұлынып кетіп, 34 жастағы ер адамды жаншып тастады. Ал екіншісі соққының әсерінен ұшып кеткен.
Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:
- 2023 жылдың 24 қазан күні сағат 01:10-да үшінші шағынауданда орналасқан ғимараттардың бірінде 34 жастағы ер адамнің үстіне жеделсаты құлады. Факті ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТТБТ-де тіркелді. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!