Петропавлдағы көпқабатты үй өртінде үш жасар сәби тұншығып өлді
Петропавлда көпқабатты үй өртеніп, үш жасар сәби түтінге тұншығып көз жұмды. Ыс тиген бүлдіршінді дәрігерлер аман алып қалу үшін 40 минут арпалысыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
24.10.2023
Өрт таңертеңгі сағат он шамасында тоғызыншы қабаттағы пәтерде тұтанған. Өрт сөндірушілер апат орнына екі минутта келіпті. Олар дереу бөлмедегі жанып жатқан жиһаз бен басқа да заттарды су шашып сөндірген. Ал үш жасар сәбиін қолына алған әйел сыртқа қашып шығып үлгеріпті. Бірақ анасы аман болғанымен, баласы түтінге тұншыққан. Сәбиді бірден дәрігерлерге тапсырғанымен, аман алып қалу мүмкін болмады.
Евгений Журавлев, СҚО ТЖД бөлімінің бас маманы:
- Өрт қатты жанған жоқ. Сондықтан сөндіруде ешқандай қиындық болмады. Небәрі 12 минутта жұмысты бітірдік.Үй ішінде жиһаз, киімкешек , басқа да заттар жанғанда түрлі газ бөлінеді. Жас организм улы газға шыдамаған болар. Өрттің себеп-салдары тексеріліп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!