Республика күні Астананың бес ауданында мерекелік концерт ұйымдастырылды
Астанада Республика күні кең көлемде тойлануда. Бас қалада бес бірдей ауданда мерекелік концерт ұйымдастырылған.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.10.2023
Жалпы айтулы күнді мерекелеу аясында елордада 200-ден астам мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізілуде. Концерттер толықтай қала тұрғындарын қамтуға арналған. Әдеттегі орталық алаңдардан бөлек, әр жердегі тұрғын алаптарда да ұйымдастырылды. Мәселен, Сарыарқа ауданына қарасты Көктал-2 тұрғын алабында «Наз» мемлекеттік хореографиялық театры биден шашу шашып, мерекелік шараның сәнін кіргізсе, әншілер ырғақты әндерін орындады. Суық ауа райына қарамастан елордалықтар көңіл көтеріп қана қоймай, «Менің елім – менің туым!» челленджін бастап кетті. Республика күніне орай қаланың бес ауданында терезелерге және көше бойына 1000-нан астам ту ілінген.
- Бұл мереке, ұлы мереке! Халыққа өте маңызды. Қайта жаңғырғаны жақсы болды! Отанымыз тыныш болсын, халық бірлікте, бақытты болсын!
- Қазақстанымыз гүлдене берсін! Денсаулық, амандық тілеймін! Аспан ашық болсын! Балаларымыз, немерелеріміз аман болсын!
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!