{metadescription}
Қайрат Боранбаевтың інісі пара бергені үшін сотталды
Қайрат Боранбаевтың інісі пара бергені үшін сотталды

Қайрат Боранбаевтың інісі пара бергені үшін сотталды

Астанада белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың інісі сотталды. Әбілхан Боранбаев лауазымды тұлғаларға пара бергені үшін кінәлі деп танылып отыр.

Оның сол кезде тергеу изоляторында отырған ағасына жайлы жағдай жасау үшін сақшыларға бір жарым миллион теңге аударғаны сотта дәлелденген. Нақтырақ айтқанда, осы сомаға тәртіп сақшылары Қайрат Боранбаевқа мобильді байланыс, керек адамдармен кездесулер, туған күнін мейрамханадан кем қылмай тойлауға мүмкіндік беріліпті. Сол үшін ағасынан ақша аямаған Әбілхан Боранбаев кінәлі деп танылып, 4 жарым жыл жаза кесіліп отыр. Негізі адвокаты жазаны жеңілдетіп, айыппұлмен шектеуді сұраған. Судья оған келіскен жоқ.

Ал 6 жылға сотталған Қайрат Боранбавтың бұған дейін процессуалдық келісімге байланысты жазасы жеңілдеген. Белгілі кәсіпкердің енді қашан бостандыққа шығатынын бүгін Бас прокурордың орынбасары айтып берді.

Әсет Шындәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Сот шешімі қабылданды. Енді заңды күшіне енген шығады. Қазір сізге нақты күнін айта алмаймын, есімде жоқ. Шамамен 15 күндей күту керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.