{metadescription}
Марат Бекетаев әуелі Стамбұлға, кейін Лондонға қашпақ болған
Марат Бекетаев әуелі Стамбұлға, кейін Лондонға қашпақ болған

Марат Бекетаев әуелі Стамбұлға, кейін Лондонға қашпақ болған

Бас прокуратура бұрынғы әділет министрі Марат Бекетаевтың елден қашпақ болғанын да растады. Өткен аптада тықыр таянғанын сезген экс-шенеунік әуелі Стамбулға, одан кейін Лондонға қашып кетпекші болғаны айтылған.

Шекара аспақ болған Бекетаевқа лауазым өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, өзге де мәліметті жария ете алмаймыз деді Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындәлиев.

Естеріңізге сала кетсек, бұрынғы әділет министрі қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен кеткен-ді. Жалпы оның есімі атышулы оқиғалармен тығыз байланысты. Әділет министрлігінің тізгінін ұстағанда қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовтің ісін қадағалағанын білеміз. Сондай-ақ, заңсыз активтерді қайтарумен айналысуы тиіс консалтинг компанияларды құруға белсене ат салысқан. Бекетаев молдаван кәсіпкері Анатолий Статидің ісін жүргізу кезінде қомақты қаржы жеді деген де ақпарат бар.

Әсет Шындәлиев ҚР Бас прокурорының орынбасары:

- Қылмыстық іс лауазымын асыра пайдаланды. Соның салдарынан мемлекетке шығын келтірді деген бап бойынша іс қозғалып отыр. Бекетаев жасырынып қашқысы келген кезде ұсталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.