{metadescription}
L-Capital-ға алданған салымшылардың ісі созбалаңға салынған
L-Capital-ға алданған салымшылардың ісі созбалаңға салынған

L-Capital-ға алданған салымшылардың ісі созбалаңға салынған

Іс сотқа жеткенмен, оны кері қайтарды. Алматыда L-Capital қаржы ұйымына алдандық деген салымшылар шу шығарды. Айтуларынша, тергеу аяқталып, енді сот басталуы тиіс болған. Алайда судья қосымша тергеу қажет деп, прокуратураға істі қайтарыпты.

Бұл ұйымға миллиондаған ақшасын құйған жәбірленушілердің саны мың жарымға жуық. Жалпы шығын 7 миллиард теңге. Істің созбалаңға салуына қатысты құзырлы орган не дейді?

Күлажар апа «Л-Капиталға» оңбай ұрындым» деген салымшылардың бірі. Бірнеше жыл бұрын өзінің және қыздарының пәтерін сатып, осы қаржы ұйымына бас аяғы 400 мың доллар құйған. 30 пайыз дивиденд, тұз зауыт аласың деген уәденің жалған екенін кеш ұқты.

Күлажар Тасымова, жәбірленуші:

- Бізде тауық фабрикасы, тұз зауты бар деп, керемет етіп айтқанда, мақтанған. «Халық банкіден» ол жерде үй салып жатырмыз, сол жерден, бәріміз бір жерден үй аламыз деді. Пәтер жалдап тұрып жатырмыз. Ай сайын ақша төлейміз. Пәтерақысы келгенде қиналып бірбірімізбен қырыламыз. Зейнетақым 150 мың теңге, күйеуімдікі 100, тамаққа жетпейді.

«Жақсы өмір бастаймыз» деген үмітпен тәуекел етіп барын сатып, «Л-Капиталға» ақша құйғандардың саны мың жарымға жуық.

Былтыр тергеудің ұзақ созылғанына наразылық білдіргендер прокуратураның алдына жиналған. Кінәлілер жазасын алып, құйған ақшасын қайтарсын деген талабын қойды. Бұл жолы іс сотқа жеткенмен, кері қайтарғанына шағымданады.

Индира Батырбекова, жәбірленуші:

- Сот қайтақайта істі тергеуге кері қайтарып жатыр. Себептері қалай десем, таяз, түсінбейміз ол себептерін. Айыптау актілері де, бір нәрселер жетіспейді дейді. Болмашы нәрсеге ілініп, қайта-қайта жіберіп жатыр.

Соттың істі кері қайтаруына байланысты қалалық прокуратура шағым жазғанын жеткізді. Енді бұл даулы мәселенің төрелігін қала сооты айтуға тиіс.

Нұрсұлтан Жиделбай, Алматы прокуратурасының ресми өкілі:

- Аталған іс 2023 жылы 9 қазанда Бостандық ауданы сотымен қала прокуратурасына қылмыстық процестік кодекстің 323бабына сәйкес қайта жолданды. Бірақ қала прокуратурасымен 20 қазан 2023 жылы аталған сот қаулысына өзіміздің қадағалау актімізді енгізіп, сот қаулысымен келіспейтінімізді жолдадық.

Қалалық сот прокуратураның жолдаған қаулысын қанағаттандырса, онда отырыс жақын арада басталады. Даулы істе 12 адам күдікті деп танылған. Мың жарым салымшыға 7 миллиард теңге қайтарыла ма? Ол жағы әзірге белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде