{metadescription}
Сібір жарасы: Топарда — карантин, бір адам ауыр халде
Сібір жарасы: Топарда — карантин, бір адам ауыр халде

Сібір жарасы: Топарда — карантин, бір адам ауыр халде

Қарағанды облысы Топар кентінде сібір жарасы шығып, карантин жарияланды. Кеселді жұқтырған үш адам ауруханаға түссе, оның бірі ауыр жағдайда. Елдімекенге кірберісте арлы-берлі өткен көліктерді залалсыздандырып жатыр. Ауылдан ет-сүт өнімдерін шығаруға тыйым салынды. Ауру ошағы және оның маңындағы тұрғындар да бақылауға алынған. Қауіпті аймаққа КТК тілшісі барып келді.

Ауру ошағы Мерей көшесіндегі №12 үйден анықталған. Бұл отабсыдан бірден үш адам ауруханаға жатқызылған. Олар өзін бұзау сойып жегеннен кейін нашар сезіне бастапты.

Ауруханаға жатқызылған тағы бір адамнан ауру анықталмаған. Осы үйдегі 70‑тен асқан кейуана да дерттен аман. Сараптама оның ағзасынан ауру белгілерін таппады. Бірақ осы үйде ас-су ішкен ерлі-зайыптылар мен тағы бір зейнеткердден күйдіргіні жұқтырғаны анықталды. Соңғысының жағдайы ауыр дейді дәрігерлер. Денесіне жара қаптап, ішкі ағза жұмысы да бұзыла бастаған.

Ержан Жүнісов, Қарағанды облысы клиникалық ауруханасының жұқпалы аурулар орталығының жетекшісі:

- Жағдайы өте ауыр. Ағзасынан сібір жарасы анықталды. Эндогенді интоксикация мен гемморагия синдромдары, бауыры асқыну, тері қабыну белгілері бар, ауыр өтіп жатыр.

11 мың тұрғын бар елдімекенде қазір алып-қашпа әңгіме желдей есіп тұр. Олардың ішінде ауру малдың еті сатылған деген де, жақындарына таратып берді деген де әңгімелер бар. Дегенмен кесел анықталған үй тұрғындары етті ешкімге таратпағанын айтады. Көршілер және осы үйге кіріп шықты-ау деген 30 адам анықталған. Олар бақылауда. Арнайы құрылған республикалық комиссия қора-қопсыға аурудың қайдан келгенін анықтауы тиіс.

Азамат Өмірқұл, ҚР АШМ ветеринарлық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы:

- Қорасында тұрған малдың клиникалық басқа да ауру белгілері жоқ. Мәжбүрмен вакцинация, дезинфекция жүргізілді.Мал ешқайда шықпаған деп айтып жатыр. Енді сонда да анықтау барасында мүмкін жемі басқа жақтан келіп жатыр ма... Жемшөптен сараптама алынды. Референтті орталықта тексерілуде. Қазір тек еттен ғана анықталғанын беріп отыр.

Қазір Топарға кіретін екі жолдың бірі жабылып, ашығына бекет қойылды. Кірген-шыққан көлік дөңгелектері химиялық заттармен өңделіп, жүк салғыштары тексерілуде. Бірақ бақылаушылар жолаушылар автобустарының ішіне үңіліп жатқан жоқ. Ешкім сөмкемен ет пен сүт тасымайды деген сенімі басым. Сонымен қатар ауылда кеселдің таралуына тосқауыл ретенде қаңғыбас иттерді жою басталды. Карантин әзірге 15 күнге созылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде