{metadescription}
Атырауда ауруханадағы таңғы астан құрт шыққан
Атырауда ауруханадағы таңғы астан құрт шыққан

Атырауда ауруханадағы таңғы астан құрт шыққан

Ауруханадағы ас-ауқаттан құрт-құмырсқа шықты. Атыраудағы ауруханалардың бірінде емделіп жатқан науқас таңғы асынан жыбырлаған жәндік тауып алды.

Науқастарға құрт қосылған ботқа беретін Атыраудағы кардиология орталығы екені анықталды. Емдеу мекемесінің басшылары тазалық талаптарының неліктен сақталмағанын қазір тексеріп жатырмыз деп ақталуда. Қазір мамандар құрт табылған ботқадан сынама алып, оны сараптамаға жіберіпті.

Әйгерім Мекенова, Атырау облысы кардиология орталығының эпидемиологы:

- Бұл жерде егер жаппай зиянкестер болатын болса, ол бір науқастан ғана емес, бірнеше науқастан анықталуы керек еді. Шағымда айтылған науқастың тұтынған таңғы асындағы күріш ботқасынан сынама алынған болатын, соны ұлттық сараптама орталығына тапсырдық.Тексеру жүргізілуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.