{metadescription}
Жамбыл облысындағы дауылдан шатыр жұлынып, ағаштар құлап, көліктер зақымдалған
Жамбыл облысындағы дауылдан шатыр жұлынып, ағаштар құлап, көліктер зақымдалған

Жамбыл облысындағы дауылдан шатыр жұлынып, ағаштар құлап, көліктер зақымдалған

Жамбыл облысында дүлей дауыл тұрып, көпқабатты үйдің шатырын жұлып әкетті. Секундына 28 метр жылдамдықпен соққан желдің екпінінен көшедегі ағаштар құлап, көліктерді басып қалды.

Абырой болғанда адамдар аман, жарақат алғандар жоқ. Қазір қаланы қирандылардан тазарту жүріп жатыр. Ауа райының қолайсыздығына байланысты аймақтағы 4 аудан мен облыс орталығындағы оқушылар онлайнға оқуға көшірілген. Екінші ауысымда оқитын 180 мектептегі 68 мыңға жуық бала қашықтан білім алып жатыр.

Ал дүлей дауыл тұрған Қаратау қаласындағы беес қабатты үй шатырсыз қалды. Соның салдарынан тұрақта тұрған бірнеше көлік зақымдалған. Шығын көлемі белгісіз. Синоптиктердің болжауынша, оңтүстік-батыстан соққан қатты жел күз айларында тағы бірнеше рет қайталануы мүмкін.

Ұлан Сәрсенбек, Қарату қаласы әкімінің орынбасары:

- Шамамен таңғы тоғыз жарымда үшінші мөлтек ауданы, №37 көпқабатты тұрғын үйдің шамамен 300 шаршы метрін құрайтын шатыры ұшқан. Дауылды жел тоқтаған соң, келтірілген шығын көлемі есептеліп, дер кезінде қалыпқа келтірілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.