{metadescription}
Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды
Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізген депутат қамауға алынды

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген депутат қамауға алынды. Сот шешімімен қалалық мәслихаттың экс-депутаты Сәния Мұратова 15 тәулікке жабылды.

Қайыржан Алашұлы, Ақтөбе әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Мұратова Сәния Бұлқайдарқызыың кінәсі толық дәлелденді. Ол хаттамамен, медициналық куәландыру қортындымен, бейне жазбамен басқа да материалдармен. Алайда осы бапқа сәйкес, санкцияға сәйкес, Мұратованы 15 тәулікке қамауға алынды және де жүргізуші куәлігінен 7 жылға айрылды.

Мәслихаттың бұрынғы депутаты бұл жолы да сотқа келмеді. Осыған дейін әкімшілік іс бойынша шешім шығару кейінге қалдырып келген-ді. Бүгін ақыры судья сырттай қаулысын оқып, оны орындауды тәртіп сақшыларына жүктеді. Енді Сәния Бұлқайдарқызын тауып, қамауға алуға полицейлер міндетті.

Айта кетейік, бір жарым ай бұрын Лексус көлігін тақымдаған 53 жастағы қалалық мәслихаттың депутатын тәртіп сақшылары орталық көшеде тоқтатқан. Алкогольді ішімдіктің иісі шыққанын аңғарған сақшылар оны сараптамаға жеткізіпті. Алғашқы да сот оны қарсы жолға шыққаны үшін сырттай жуапқа тартқан еді. Сондай-ақ осы қылығы жалпақ жұртқа әшкере болған соң, ол мандатынан өз еркімен бас тартты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде