Кибералаяқтар әрбір үшінші адамды сазға отырғызған
«Әдісі заманына сай». Телефон арқылы банк қызметкері болып хабарласқан кибералаяқтар әрбір үшінші адамды сазға отырғызған. Шотындағы бар ақшасын сыпырып алып, жеке деректерін жариялаймыз деп бопсалаудан да тайынбайтыны көп.
Автор: Айжан Шамшидин
26.10.2023
Ішкі істер министрлігі оңай олжаны көздегендерді күн сайын анықтап жауапқа тартқанымызбен, алаяқтардың қармағанына ілінгендер азаймай тұр дейді. Жыл басынан бері 37 миллион бөгде елдің номері бұғатталған. Құзырлы органдар әдетте орыс тілінде хабарласып, абонент мемлекеттік тілінде жауап берсе, бірден телефон тұтқасын тастай салатындардың ізін кестік деп отыр. Жуырда украиндық қарулы күштер мен отандық мамандардың бірлескен жұмысының нәтижесінде алаяқтық пиғылдағы колл-орталық құрғандар ұсталған. Сол 40 азаматтың ішінде қазақстандықтар да бар. Қазір тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр. Әдетте мұндай қылмыскерлер айыбы дәлелденсе, бес жылдан он жылға дейір темір торға тоғытылады.
Жандос Сүйінбай, ҚР ІІМ Криминалдық полиция басқармасының басшысы:
- 32 украин азамат Днепр қаласында үлкен коллорталық бар, соның көзін жойдық. Қазір тергеу жалғасуда. Халықаралық тергеу тобы құрылды. Бұл тергеу тобында Қазақстанның ішікі істер министрлігі, Украинаның ІІМ, Бас прокуратура бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!