«Бәріне ортақ журналистика». Журналистикаға бейім мүгедек жандарға қолдау көрсетілді
Журналистикаға бейім мүгедек жандарға қолдау көрсетілді. Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Бәріне ортақ журналистика» жобасы биыл да жалғасын тапты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
26.10.2023
«Жас Қазақ» газеті мен «Шеврон» компаниясы бірлесе ұйымдастырған үш айлық курстың мақсаты — жазуға бейім, ақпарат саласында қызмет еткісі келетін мүгедек жандарға журналистиканың жанрларын үйретіп, қолдау көрсету. Осы курстың арқасында олар тек мақала жазып қоймай, сұхбат алу мен әлеуметтік желіде өзін қалай таныту керектігін де үйренді.
КТК телеарнасында монтаж бен репортаж жасау бойынша дәріс алып тәжрибесін шындай түсті. Осымен үшінші жыл ұйымдастырылған жоба келер жылы да өз жалғасын табады.
Фариза Мақсұтқызы, курсқа қатысушы:
- Журналистикаға қызығушылығым бала кезден болды, өзім өлең жазамын, сол өлеңдерімді халық көрсе екен, өзімді бір көрсетсем екен деген арманмен журналистикаға бардым. Бірақ денсаулығыма байланысты біраз үзіліс болды. Қазір денсаулығымды түзеп, біраз жұмыс атқаруға атсалысып жатырмын.
Мақпал Ноғайбаева, жоба үйлестірушісі:
- Негізгі мақсаты —мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қоғамға бейімдеу, яғни оларға «Бәріне ортақ журналистика» курсын үйрету. Биылғы курс ерекше өтті деп айта аламын, өйткені қатысушылар тікелей өнер адамдарымен сұхбаттасып, өзі тікелей кейіпкер тауып, ұсыныс айтып, біз сол бойынша үлкен газетке материалдар дайындадық, сайтқа да мақалалар дайындадық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!