{metadescription}
Аягөзде бір үйде төрт бүлдіршін түтінге тұншығып өлді. Шенеуніктер жақ ашпай отыр
Аягөзде бір үйде төрт бүлдіршін түтінге тұншығып өлді. Шенеуніктер жақ ашпай отыр

Аягөзде бір үйде төрт бүлдіршін түтінге тұншығып өлді. Шенеуніктер жақ ашпай отыр

Абай облысында қайғылы жағдай. Айдың-күннің аманында бір үйдің төрт баласы ыстан уланып көз жұмды. Қайғылы жағдай Аягөз қаласындағы жер үйлердің бірінде болған.

Қыршынынан қиылған балалар 2-8 жас аралығында. Олар апат болған күні үйде жалғыз қалған. Бейкүнә балалардың әкесі жедел жәрдем көлігінің жүргізуші деген ақпарат бар. Ал анасы жұмыссыз. Баспанасын өрт жалмағанда ол дүкенге азық-түлік алуға кеткен көрінеді. Дегенмен бұл мәліметті әзірге ешкім растаған жоқ. Өйткені өңірдегі атқамінерлер бұл қайғылы жағдай жайлы жақ ашпай отыр. Қазір төрт баласынан айырылған ата-ана психологтардың бақылауында. Ал полиция түрлі сараптама тағайындап, тергеу жүргізіп жатыр.

Айдана Қозыбаева, Абай облысы ПД инспекторы:

- 25 қазанда Аягөз қаласында жас балалардың көміртегі тұтығуынан, улану фактісі бойынша Абай облысы Аягөз ауданы полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. ҚР ҚПК 201бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде