{metadescription}
Таразда жаңа туған сәбиді саудалаған акушерлер сотталды
Таразда жаңа туған сәбиді саудалаған акушерлер сотталды

Таразда жаңа туған сәбиді саудалаған акушерлер сотталды

Таразда жаңа туған сәбиді бір жарым миллион теңгеге сатқан акушерлерге қатысты сот үкімі шықты. Өмірге енді келіп есімі қойылып үлгермеген нәрестені ақшаға айырбастаған қалалық көпбейінді аурухананың қос қызметрі 8 жылға сотталды.

Некесіз жүкті болған 35 жастағы келіншек түсік жасатпақ болған. Алайда ақ халаттылар әйелдің ай‑күні жақындағанын айтып босануға көндіреді. Шақалақты сатып табыс табуды көздеген екеу оны алдап соққан. Осылайша өзін қылмысқа итермелеп жатқанын білген ана бірден құзырлы органдарға хабар береді. Кейін медицина мамандары мен 39 жастаға азаматша сәбиді саудаға салып тұрған сәтте қолға түсті. Сол сәттен бастап шақалақ күні бүгінге дейін қаладағы бөбектер үйінде жатыр. Құжаты сонда беріліп, есімін сондағы күтушілер қойыпты. Қазір құзырлы орган өкілдері нәрестенің биологиялық анасын ата-ана құқығынан айыру мәселесін қарап жатыр.

Айгүл Бексұлтанова, судья:

- ҚР ҚК 135-бабының 2-бөлігінің 1,7,12-тармақтарымен кінәлі деп таныды. Жаза тағайындауда барлық жеңілдететін жайларды ескере келе, әрқайсысына 8 жылдан мүлкін тәркілеусіз бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде