Түркістан облысында бір апта бойы автогаз тапшы
Түркістан облысында автогаз тапшы. Газ құятын бекеттерде сұйық отынның жоғалғанына аптадан асып кетті дейді көлік жүргізушілері. Кейбір бекеттер мүлдем жабық тұр екен.
Автор: Бек Әбиев
27.10.2023
Көлік жүргізушілері арзан отынды «сағаттап іздейміз» дейді. Автогазы бар стансаларда көлік кептеліп, кезек күтіп тұрғаны үйреншікті көрініске айналған. Ал облыстық энергетика басқармасындағылар мұнымен мүлдем келіспейді. Керісінше, газ артығымен барын айтады. Түркістанға қарасты 317 бекетке қараша айына 12 мың 700 тоннадан астам газ бөлінсе, келесі айға 13 мың тоннадан астам сұйық отын бөлінеді дейді. Сондықтан өңірдегі газдың тапшылығы кей ұсақ газ құю стансаларында ғана болуы мүмкін деп отыр.
Қуаныш Өмірәлиев, Түркістан облыстық энергетика және ТКШ басқармасының газбен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы:
- Жанармай бекеттерінде әлеуметтік газден бөлек, 12 бекет бар, жеке компаниялар бар. Олар зауыттан ала алмай жатыр. Солардікі сезілмесе, біздің облыстағы бүкіл бекетте газ бар. Бізде қалғаны 1 мың 440 тонна болса, бүгінгі күнге 1330 тонна бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!