{metadescription}
Құрылыс кодексінде лицензия қатаңдатылып, сейсмика талабы күшейтіледі
Құрылыс кодексінде лицензия қатаңдатылып, сейсмика талабы күшейтіледі

Құрылыс кодексінде лицензия қатаңдатылып, сейсмика талабы күшейтіледі

Құрылыс кодексіне бірқатар өзгеріс енгізіледі. Бүгін Астанада бірнеше ай бойы әзірленіп жатқан құжаттың жобасы кезекті рет пысықталып, қызу талқыға түсті.

Жарты жылдан аса уақыт ішінде сәулетшілер, құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлерден 500-ден аса ұсыныс түсіпті. Бүгінде сала қызметін реттеуге бағытталған екі жарым мың құжат бар. Алайда оның мазмұны заман талабына жарамайды екен. Соның салдарынан бармақ басты, көз қысты әрекет көбейіп, екінің бірі лицензияны оп-оңай сатып алып құрылыспен айналысуда. «Бұл ретте лицензиялық институтқа тағылар кінә көп» дейді жобалаушылар. Заңнаманы өзгертуде әуелі лицензияны қатаңдату маңызды әрі сейсмикалық талапты күшейту керек. Жауапты министрлік өкілі кодекс қабылданса, салада тәртіп орнап, тек кәсіби мамандар қалады деп отыр.

Жарты жылдан аса уақыт ішінде сәулетшілер, құрылыс компаниялары мен кәсіпкерлерден 500-ден аса ұсыныс түсіпті.

Тимур Қарағойшин, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі:

- Дұрыс жұмыс істемейтін компаниялар жабылады. Құрылыс кодексімен дұрыс жұмыс жасамаса. Тәртіп болу керек қой. Құрылыс деген бұл адам өмірінің қауіпсіздігі. Қаржы нақты жұмыс істейтін жобалаушылар, жұмыс істей алатын құрылыс компанияларына беріледі. Осы кодексті жыл аяғына дейін мәжіліске берреміз. кіруіміз керек.  Алдымыздағы айдың аяғына дейін Үкіметке кіргізуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.