{metadescription}
Уәделі газы қосылмай қалған қызылтулықтар суықтан бүрсеңдеп отыр
Уәделі газы қосылмай қалған қызылтулықтар суықтан бүрсеңдеп отыр

Уәделі газы қосылмай қалған қызылтулықтар суықтан бүрсеңдеп отыр

Уәделі газды бермей, күн суытқанда әре-сарсаңға салды. Алматы облысында Қызылту ауылының бір топ тұрғыны осындай шағымын жеткізді. Айтуларынша, осы жазда көптен күткен газ жүргізу жұмысы басталған. Құбыр тартылғанмен, әлі күнге көгілдір отын берілмеген.

Көбі көмір пешін алып тастап, енді үйін қалай жылытарын білмей отыр. Бұл жағдайға қатысты жергілікті әкімдік не дейді?

Камила Пазылова суықтан бүрсең қаққан балаларын қабат-қабат киіндіреді. Азынаған бөлмеге тоқ пешті қосқанмен, оның қуаты толық жылытуға жетпейді. Оның үстіне қып-қызыл шығын.

Камила Пазылова:

- Өзіміз зар болып отырғасын газға «ойбай, ақшасын жинаңдар, кредит алсаңдар да жинаңдар» деп, барлық үйден ақша жинап алып, міне, алтыншы айға кетіп бара жатыр, газ әлі жоқ. Сол кісілерге сеніп, көмір жағатын пешімізді алып тастағанбыз. Содан кейін амал жоқ, электрпешпенен отырмыз.

Талғар ауданында Қызылту ауылы Сапаров көшесінің көп тұрғыны газ үшін әуре-сарсаңға түскен. От пешті бәрі алып тастаған. Енді қазір не газ жоқ, не пеш жоқ, не істерін білмей басы қатқан. Сөзінде тұрмаған мердігердің жауабын да ала алмай жүрміз дейді. Бұл дауға әкімдіктің араласпай отырғаны да ашуын туғызады.

Ақын Ордабай:

- Пештерін алып тастаған. Өйткені газ келеді деп сенді. Газды енді қосалқы мердігер істеп жатыр. Жүгіріп жатыр екен де. Жарайды, жүгірсін. Бірақ бір нәтиже болу керек қой, осы уақытқа дейін. Бір нәтиже шығару керек қой. «Ыбырайы, Ыбырай, біздің Ыбырай сұмырай» депті баяғыда біреу. Сол сияқты біздің Талғар ауданына келгенде мәселенің бәрі тұйықталып қалады.

Әкімдіктегілер тұрғындардың жанайқайынан хабардар. «Мердігермен байланыстық, ретімен қосады» деп жауабын қысқа қайырды.

Арсен Құрманғазиев, Панфилов ауыл округі әкімінің орынбасары:

- Шетінен қосып жатыр, бірден қосып жатқан жоқ. Осы көшеге де жақын арада газ жібереміз деді, мен бағана ғана сол жердегі инженер, Бауыржан деген кісімен сөйлестім.

«Жақын арада қосады» деген жауапқа тұрғындардың көңілі толмайды. Әкімдік мердігерден нақты уақытын білсін, бұл дауға немқұрай қарамай, тікелей аралассын деген уәжбен тарқасты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.