{metadescription}
Жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда, қалай жұмсалады?
Жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда, қалай жұмсалады?

Жемқорлардан тәркіленген қаражат қайда, қалай жұмсалады?

2025 жылға дейін «Жайлы мектеп» аясында 369 білім ошағы салынады. Оқу-ағарту министрлігі жемқорлардан тәркіленген қаражаттың қашан, қалай жұмсалатынын айтты.

Биылдан бастап қолға алынған бағдарлама оқу орындарының тапшылығын жойып, үш ауысымды мектептердің санын азайтады. Еліміздің әр өңірінде мектеп салынатын жер телімдері нақтыланып, техникалық бақылау бойынша мердігерлер жұмысын бастап кетіпті. Жобаның тағы бір артықшылығы —,кез келген тұрғын құрылыс жұмысының барысымен онлайн түрде таныса алады. Осыған дейін жиһаз тауарларын өндіруші компаниялар Оқу-ағарту министрлігі отандық өнімдерді қолдаудан бас тартып отыр деп шу шығарған еді. Жауапты министрлік, мұны жоққа шығарды. «Отандық өндірушілерді қолдау тетіктері заңнамалық тұрғыда бекітілген. Мектепке арналған оқу жабдықтары мен жиһаздар тек қазақстандық тауар өндірушілерден сатып алынады» деді оқу-ағарту вице-министрі.

Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту вице-министрі:

- Білім беру ұйымдарында қолданылатын барлық тауарлар мен жабдықтарға қайылатын талаптар бар. Осы талаптарға сәкес болғанда кез келген отандық өндіруші бұл жобаға қатыса алады. Оның үстіне Үкімет қаулысымен отандық өндірушілерге шаралар қабылданып отыр. Әзірге Түркістан облысында — 63, Алматы облысында — 53 , Астана қаласында — 24, Алматы қаласында — 22 мектеп құрылысы жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде