{metadescription}
«Балдырғанға»  — 65 жыл. Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл
«Балдырғанға»  — 65 жыл. Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл

«Балдырғанға» — 65 жыл. Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл

«Балдырған» — балалар әдебиетінің бас кітабы. Алматыда «Балдырған» журналының шыға бастағанына 65 жыл және осы басылымның тұңғыш редакторы болған халық жазушысы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай республикалық конференция өтті.

«Балдырған» бүлдіршіндердің сүйікті журналы. Бір кездері таралымы 200 мыңнан асқан. Биыл шыға бастағанына 65 жыл толып отырған журналдың тарихын, жүріп өткен жолын Мұзафар Әлімбаевтың шығармашылық өмірінен бөліп қарауға болмайды. Мұзаға журналды табаны күректей 28 жыл басқарған. Конференция аясында «Балалар әдебиетінің бас бағбаны» және «Балдырған балалар әдебиетінің бас кітабы» тақырыбында көрме үйымдастырылды.

Дүйсен Мағлұмов, «Балдырған» журналының бас редакторы:

- Мұзағаңды айтсаңыз, «Балдырғанды» айтуға тура келеді. «Балдырғанды» айтсаңыз, Мұзағаң туралы айту міндетті түрде айту керек. Екеуі біте қайнасып кеткен. Бөліп алуға болмайды. Тақырыпты да сөйтіп қойдық. Мұзағаң «Балдырған» журналын шығара отырып, өзі де кітаптар шығара отырып, қазақ әдебиетінің дамуына, өркендеуіне көп үлес қосқан адам.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде