{metadescription}
Елімізде жыл сайын 19 мыңнан астам адам онкологиялық аурудан өледі
Елімізде жыл сайын 19 мыңнан астам адам онкологиялық аурудан өледі

Елімізде жыл сайын 19 мыңнан астам адам онкологиялық аурудан өледі

Елімізде жыл сайын 19 мыңнан астам адам қатерлі ісіктен көз жұмады. Астанада өтіп жатқан Қазақстан онкологтары мен радиологтарының IX съезінде мамандар осылай деп дабыл қақты.

Тек жарты жылдың ішінде 20 мың адамнан қатерлі ісік белгілері анықталыпты. Әсіресе сүт безі, өкпе обыры мен ішек обыры жасарып барады. Бұған асқазанның жаман ауруы да қосылып отыр. Екі жылда бір өткізілетін ауқымды жиында онкологиялық көмек көрсетудегі негізгі тақырыптар қамтылды. Әлемнің 25 елінен келген сақа сарапшылар ерте диагностика жасау мен визуалды диагностикадағы тәжірибелерімен бөлісіп, отандық медицинаға оң пікірін білдірді.

Қазіргі таңда аты жаман ауруды ерте анықтау үлесі 30 пайызға өссе, 2027 жылға қарай бұл көрсеткіш 35-ке дейін артады деп күтілуде. Бұл Қазақстанның дертті дер кезінде емдей алатынының дәлелі. Жаңа онкологиялық орталықтар салу мен мамандардың біліктілігін арттыру жұмысына бюджеттен 460 млрд теңге бөлінбек.

Бақытжан Оңғарбаев, «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

- Егер жергілікті емханадан хабарлама келсе, мысалы, скринингтен бас тартпау керек. Ауру болса, оны 1,2 сатыда тапсақ, толық емделуге 90% кепіл беруге болады. Үшінші сатысынан бастап. Біріншіден ресурс көп кетуі мүмкін. Қаражат жағынан, персонал жағынан, отаның көлемі де өзгеруі мүмкін және болжамы да бұзылып кетеді, яғни жақсы болады деу қиынға түседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде