{metadescription}
Шахтадағы апат: Бір кенші жансақтау бөлімінде, 24-і емделіп жатыр
Шахтадағы апат: Бір кенші жансақтау бөлімінде, 24-і емделіп жатыр

Шахтадағы апат: Бір кенші жансақтау бөлімінде, 24-і емделіп жатыр

Костенко шахтасында болған апаттан зардап шеккен бір кенші жансақтау бөлімінен әлі шықпады. Жағдайы тұрақты ауыр. Дегенмен есін біледі. Жарылыстан жарақат алған 24 жұмысшы қазір ауруханада емделіп жатыр.

Әу баста Қарағанды, Абай және Шахтинск қалаларындағы медициналық мекемелерге 28 кенші жеткізіліпті. Төртеуі үйіне емделуге жіберілген. Ал газдан уланған 20-сы Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды. Түрлі деңгейде жарақат алған қалғаны дәрігерлердің жіті бақылауында. Кейбірінің өкпесі зақымданған, енді бірінің миы шайқалған. Дегенмен қазір екі науқастың беті бері қарапты. Жақын арада емдеу мекемесінен шығады. Зардап шеккен кеншілердің бәріне тиісті медициналық көмек көрсетілді дейді ақ халаттылар.

Бибігүл Төлегенова, Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі:

- Барлығына тиісті диагностикалық шара жүргізілді. Республикалық мамандар мен травматологиялық ортопедиялық ғылыми орталығы мен нейрохирургия орталығынан кеңес беріліп, барлық облыстық штаттан тыс мамандар тартылды. Бәрі толық медициналық көмек алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде