{metadescription}
Костенко шахтасындағы апат хронологиясы
Костенко шахтасындағы апат хронологиясы

Костенко шахтасындағы апат хронологиясы

Қайғылы жағдайдың хронологиясына шолу жасасақ. Жарылыс 28 қазанда түнгі 02:33-те болды. Сол сәтте шахтада 252 адам болған. 205-і жер бетіне шығарылды. Оның 18-і медициналық көмекке жүгінді. Облыстық әкімдік бірден жедел штаб құрылғанын жеткізген.

Ә дегенде оқиға орнына 40 құтқарушы мен 10 техника жұмылдырылды.

Сағат таңғы 8-де жеті кеншінің денесі табылды.

Уақыт өте қаза тапқандардың саны өсе бастады.

Сағат түскі 1-де кеншілердің туыстарымен кездесуге президент шұғыл жетті.

Жер астындағы өртті сөндіру жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес.

Әскерилендірілген апаттық -құтқару жасағы мен төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары апат ошағына ауысыммен түсіп, қалып қойған жұмысшыларды іздестірді.

Жарылыс толқыны кеншілерді екі шақырым жерге дейін лақтырып жіберген.

ҚР Қылмыстық кодексі 277-бабының 3-бөлігі «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру басталды.

Тергеу Бас прокуратураның бақылауында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде