{metadescription}
«АрселорМиттал Теміртау» тарихымыздағы ең нашар компания болды. Келісімшарт біржақты бұзылады
«АрселорМиттал Теміртау» тарихымыздағы ең нашар компания болды. Келісімшарт біржақты бұзылады

«АрселорМиттал Теміртау» тарихымыздағы ең нашар компания болды. Келісімшарт біржақты бұзылады

«АрселорМиттал Теміртау» тарихымыздағы ең нашар компания болды. Костенко атындағы шахтада болған өрттен қаза тапқан кеншілердің жақындарымен кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осындай баға берді. Баға беріп қана қоймай, кәсіпорынның мемлекет меншігіне қайтарылатынын айтты. Президент инвестормен келісімшартты біржақты бұзу туралы шешім қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

 - Мен "АрселорМиттал Теміртау" компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату жөнінде тапсырма бердім. Бұл мекеме Үкіметпен және кәсіпорынмен ынтымақтастық тұрғысынан біздің тарихымыздағы ең нашар компания болды. Енді кәсіпорынның өзіне қатысты шаралар қабылдау туралы ойлануымыз керек.

Қазір кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстанға беру туралы құжаттық негіздеме пысықталып, халықаралық заңгерлермен келісілуде. Әлеуметтік желіде «АрселорМиттал Теміртау» өзге шетелдік инвестордың уысына түсіпті деген ақпар тарап кеткен. Үкімет бұл деректің шындыққа жанаспайтынын ресми мәлімдеді. Әзірге компанияны басқару Вадим Басинге жүктелген. Ол бір кездері осы кәсіпорында жұмыс істеп, облыс әкімінің орынбасары да болған. Оның айтуынша, активтерді кері қайтару бір күндік жұмыс емес. Тыңғылықты дайындықты қажет етеді. «АрселорМиттал Теміртауға» 8 шахта, көмір департаментінің барлық ғимараты, темір шығаратын «Атасу» кен басқармасы мен үш мыс кеніші кіреді екен. Жалпы алғанда компанияда бас-аяғы 30 мың адам жұмыс істейді. Кәсіпорын басшылығындағы ауыс-түйіс қарапайым жұмысшылардың жалақысы мен әлеуметтік төлемдеріне әсер етпейді деп отыр жауаптылар.

Вадим Басин, «АрселорМиттал Теміртау», көмір департаментінің басшысы:

- «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының басшылығындағы ауыстүйіс жұмысшыларға еш әсер етпейтін болады. Жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгеріс болмайды. Оны жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар қалады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапкершілігі болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқығы төмендетілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде