{metadescription}
Марат Бәшімов: «Талаптарды пысқырмаған үнді магнатын ың-шыңсыз шығара салу — аз»
Марат Бәшімов: «Талаптарды пысқырмаған үнді магнатын ың-шыңсыз шығара салу — аз»

Марат Бәшімов: «Талаптарды пысқырмаған үнді магнатын ың-шыңсыз шығара салу — аз»

«АрселорМиттал Теміртау» Үкіметке қайтарылған күннің өзінде, компания жауапкершілікке тартылуы керек. «Қауіпсіздіктен бастап, экологиялық талаптарды пысқырмаған үнді магнатын ың-шыңсыз акционерлер қатарынан шығара салу аздық етеді». Мәжіліс депутаты Марат Бәшімовтің пайымы осындай.

Марат Бәшімов, Мәжіліс депутаты:

- Халықаралық инвестор деген өте қиын нәрсе. Олар бай келеді, мынадай алпауыттарды ұстап отырған миллиардерлер, оларда толып отырған заңгер, толып жатқан орбитраждарда істейді. Сол үшін заң ретінде қарасақ, өзімізге ұтып алып, қайтарғанның өзінде, бізде бар жағдай келіп тұр . Шартты олар орындамай жатыр, Үкімет сонымен, келісімшартқа келіп, бірақ жауапкершіліктен ешкім кетпейді. Өйткені Қазақстанның жерінде Қазақстанның заңдарын орындау керек.

Сарапшылар бұл іске білікті заңгерлерді тартуды ұсынып отыр. Себебі бұл халықаралық соттарға, үлкен арбитраждық дауларға әкеп тірелетін мәселе болғандықтан, Қазақстанның инвесторлық мүддесіне зиян келтірмеуге күш салу керек деп есептейді. Осыншама отбасының қара жамылуына алып келген қайғылы жағдайдан елдегі өзге де инвесторлар сабақ алуы қажет деген пайымда.

Расул Рысмамбетов, қаржыгер:

- Кеш те болса, осы мәселеге мықтап назар аударатын кез келді. Бұл жағдай еліміздегі инвесторлардың барлығына сабақ болуы керек. Бізде бұған дейін де осыған ұқсас жағдайлар болған. Есесіне сол өнеркәсіп орындарында ондаған жылдар бойы жағдай тұрақталды. Дегенмен Миттал секілді ірі олигархтардан активтерді алып қоюға келгенде мұқият болу керек. Тіпті бізге халықаралық арбитраждарда тәжірибесі мол мамандар қажет болады дер едім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.