{metadescription}
Ерлан Саиров: «АрселорМиттал Теміртау» басшылығын өтемақы төлеуге міндеттеу керек
Ерлан Саиров: «АрселорМиттал Теміртау» басшылығын өтемақы төлеуге міндеттеу керек

Ерлан Саиров: «АрселорМиттал Теміртау» басшылығын өтемақы төлеуге міндеттеу керек

«Бүкіл зардапты да мойнына ілу керек». Депутаттар «АрселорМиттал Теміртаудың» басшылығы Қазақстанға өтемақы төлеуін міндеттеу керек деп отыр. Өйткені компания елімізде істеген 28 жылдың ішінде жұмысшыларына ауыр еңбекке сай емес жалақы төлеп қана қоймай, қауіпсіздік пен техникалық жабдықтарды жаңартуға мүлде басын қатырмаған дейді.

1995 жылдан бастап «АрселорМиттал Теміртаудың» шахтасында 160-тан астам кенші қайтыс болған. Осы жолғы төтенше жағдайдан кейін президент аталмыш компаниямен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырған еді. Депуттардың басым бөлігі келісімшартты бұзып қана қоймай, кешенді тексеріс жүргізу керек деп санайды. Атап айтқанда, зауыт пен шахталардың халін тексеріп, еліміздің экологиясына тигізген зардабын да қоса есептеу керек деп отыр.

Ерлан Саиров, Мәжіліс депутаты:

- Бұл компания тек қана ресурс пен ақшаны Қазақстаннан шығарып, Қазақстанға ештеңке бермеген. 30 жылдың ішінде Қазақстанға қандай зиян келді, экологиясына қандай зиян келді, 30 жылдың ішінде өндірістің модернизациясы болмады, көптеген кенші мерт болды. Қазақстаннның әрбір адамының сұрауы бар, міне, осы мәселенің барлығын зерттеп, есептеп, халықаралық аудиторлық компания шақырып, сол компанияның жұмысының нәтижесінде біз халықаралық юрисдикцияда оларға ақшаны мойнына ілуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.