{metadescription}
Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасына көмек — рет-ретімен
Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасына көмек — рет-ретімен

Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасына көмек — рет-ретімен

Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасына қандай көмек көрсетіледі? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы тағайындалатынын жеткізді. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді.

Мәселен, марқұмның 18 жасқа толмаған баласына тағайындалатын жәрдемақы көлемінің орташа мөлшері 400-500 мың теңгеден басталады. Ал егер балалары жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді.

Әзірге барлық төлемді өтеу «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына жүктеледі. Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес, жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. Сондай-ақ «АрселорМиттал Теміртау» жерлеу рәсіміне қатысты барлық шығынды өз мойнына алуға тиіс.

Евгений Буслаев, «Қорғау» көмір өндірушілер кәсіподағының төрағасы:

- «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы тарапынан барлық міндеттеме орындалады. Қаза тапқандардың отбасына келісімге сәйкес жәрдемақы төленеді. Ұжымдық келісімшарт аясында пәтер беріледі. Ақтық сапарға шығарып салуға кететін шығынның бәрі компанияға жүктеледі. Сондайақ балаларын тегін оқыту, жақын туысқандарын жұмысқа орналыстыруға көмектесу секілді талаптың орындалуын кәсіподақ қадағалайтын болады. Ауруханада жатқан зардап шеккендердің емдомына кететін шығынды жұмыс беруші өтейтін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде