{metadescription}
Шахтадағы апат. Әлем елдерінің басшылары көңіл айтып жатыр
Шахтадағы апат. Әлем елдерінің басшылары көңіл айтып жатыр

Шахтадағы апат. Әлем елдерінің басшылары көңіл айтып жатыр

Қарағандыда болған қайғылы оқиғаға байланысты әлем елдерінің басшылары көңіл айтуда. 1 қараша күні Қазақстанға ресми сапармен келуі тиіс Франция президенті Эммануэль Макрон қаралы хабарды естіп, марқұмдардың отбасына көңіл айтты.

Костенко шахтасындағы апат жайлы шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жазып, алаңдаушылық білдіруде. Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әріптестері Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қара жамылған отбасыларға көңіл айтты. Жуырда ғана Алматы мен Астана декларацияларының мерейтойына қатысқан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус та үнсіз қалмады.

Эммануэль Макрон, Франция президенті:

- Қазақстанға ресми сапарымнан бірнеше күн бұрын, мен қазақ халқына деген достық қарымқатынасымды куәландыруым керек еді. Алайда мен елдегі шахталардың бірінде болған қайғылы оқиға туралы естідім. Барлық қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын.

Тедрос Адханом Гебрейесус, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы:

- Бүгін Қазақстан халқы үшін өте қайғылы күн. Жақындарынан айырылған отбасыларға шын жүректен көңіл айтамын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде