{metadescription}
Астанада науқастарды қорлаған студент-дәрігер сотталды
Астанада науқастарды қорлаған студент-дәрігер сотталды

Астанада науқастарды қорлаған студент-дәрігер сотталды

Елордада дерті дендеген науқастар мен ерекше балалардың басына пакет кигізіп, жөргегіндегі нәжісін жегізген студент-дәрігерге қатысты сот үкімі шықты. ҚР ҚК 110-бабы бойынша кінәлі деп танылған ол енді 4 жыл 8 айын түрмеде өткізуі тиіс.

Сотқа үйінен келіп жүрген студенттің қолына кісен үкім оқылған бойда, сот залында салынды. Ал жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады. Зардап шегуші тараптарға да 2 миллион теңгеден материалдық өтемақы төлеуге міндеттеліп отыр. Жазасын алған айыпталушының адвокаты бүгін де студент-дәрігер жасаған іс-әрекетіне өкінеді, қылмысын толық мойындайды деген. Тіпті ұяты қысқаны сонша, суицид жасамақ болғанын айтты. Жәбірленушілермен татуласпақ ниетте біраз мәміле келісімдер жүргізген екен. Бірақ судья оның біріне де қараған жоқ. Жәбірленуші тарап та адам нанғысыз айуандық әрекеттерді соттағы сөзжарыста қайта естіп, көз жасына ерік берді.

Естеріңізге сала кетейік, екі жыл бұрын палеатив орталықта өліммен арпалысып жатқан жандарды қорлаған видео интернетте тараған еді. Мұны медицина университетінің жоғарғы курс студенті істегені кейін әшкереленді. Ол тіпті ұялы телефонына түсірген видеоны жора-жолдастары отыратын чатқа салыпты. Әлеуметтік желіге де сол чатта отырғандардың бірі салған.

Бағлан Ыдырысов, Астана қаласы Байқоңыр ауданы №2 сотының судьясы:

ҚР ҚК 110-бабы,2-бөлігі,1 және 2-тармақтары бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы өзгертілсін, дереу қамауға алынсын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде