{metadescription}
Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш шетел азаматы мерт болды
Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш шетел азаматы мерт болды

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш шетел азаматы мерт болды

Ақтөбе облысында ірі жол апатынан үш шетел азаматы көз жұмды. Олар мінген көлік бетпе бет соқтығысқан. 

Жол апаты Қобда ауылы маңындағы республикалық трассада болды. 34 жастағы Тәжікстан азаматы сапарласымен Оралдан Ақтөбеге қарай келе жатқан. Кенет қарсы бағытта жүйіткіген Өзбекстан азаматы тізгіндеген Шевролетпен түйісіпті. Қатты соққыдан екі жүргізуші мен тағы бір Өзбекстан азаматы сол сәтте мерт болды. Тағы екі жолаушы ауыр жағдайда Қобда ауданындағы ауруханаға жеткізілген.

Асылан Шотанов, Қобда ауданы ПБ бастығының орынбасары:

Жол көлік оқиғасы салдарынан Киа Рио автокөлігінің жүргізушісі және Шевролет автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Қос автокөліктің жарақаттанған бірбір жолаушылары аудандық ауруханаға жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 шілде

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде