{metadescription}
Шекарадағы жын-ойнақ. Қорғаста притон мен казинолар әшкереленді
Шекарадағы жын-ойнақ. Қорғаста притон мен казинолар әшкереленді

Шекарадағы жын-ойнақ. Қорғаста притон мен казинолар әшкереленді

Шекарадағы жын-ойнақ. "Қорғаста" жезөкшеліктің отанына айналған қонақүй мен казинолардың жұмысы әшкере болды. Заңсыз нысандар сауықтыру орталығы мен қонақ үй кешенінің атын жамылып жұмыс істеген. Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының аумағында түнгі көбелектер тек шетелдік азаматтарға интим-қызмет көрсетіпті.

Қазақстан-Қытай шекарасындағы жеңіл жүрісті қыздар жайлаған жерлер келушілерді тәулік бойы қабылдаған. Арнайы күзеті де бар. Қала берді клиенттерін қатаң бақылаудан өткізіп кіргізеді. Әсіресе ол нысандарға жан-жақтан келген азаматтар бас сұққан. Тәнін саудалаған қыз-келіншектердің жасы 18-36 аралығында. Қолға түскен 21 жезөкше полицияға жеткізілді. Оның алтауы өзге елдің азаматы. Жұмыс берушілер жезөкшелерді алдап-арбау арқылы жыныстық құлдықта ұстағаны да белгілі болды. Қазір осы жын-ойнақты ұйымдастырды деген бес адам ұсталған. Оның екеуі шетелдік. Сауда-саттығы қызған, сәйкесінше, ақшасы да көп жерде пысықайлар казино ісін де жолға қойыпты.

Қуандық Алпыс, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі:

Сотқа дейінгі тергептексеруді Жетісу облысының полиция департаменті еді. Өзге ақпарат жариялауға жатпайды. Тінткен кезде ақша, ойын автоматтары, покер үстелдері және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.