{metadescription}
Қазақстандықтар әлеужелідегі алаяқтарға 13 млрд теңгеге алданған
Қазақстандықтар әлеужелідегі алаяқтарға 13 млрд теңгеге алданған

Қазақстандықтар әлеужелідегі алаяқтарға 13 млрд теңгеге алданған

Қазақстандықтар әлеуметтік желідегі алаяқтарға 13 млрд теңгеге алданып қалған. Бұл жыл басынан бергі тіркелген 15 500 интернет-қылмыс. Ішкі істер министрлігінің ақпарынша, пысықайлар айласын әсіресе онлайн-саудада асырып келеді.

Банктер мен микрокредит ұйымдарда жалған онлайн-қарыздарды рәсімдеу дерегі жиілеген. Яғни азаматтар оңай пайдаға кенелемін деп несие рәсімдеп, ақшасын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салады. Осылайша әп-сәтте қомақты қаржысынан қағылып, алаяқтардың арбауына түсіп жатыр. Тек бір жылдың ішінде 1200 қазақстандық осындай күмәнді схемалардың құрбаны болған. Қулығына құрық бойламайтын арам пиғылдылар ұлттық компаниялардың, банктердің, криптобиржалардың атынан жалған сайттар ашу арқылы адамдарды қызықтырады екен. Өзін құқық қорғау органдарының қызметкеріміз деп таныстырып, жымысқы әрекетін іске асыратындар да көбейген.

Рүстем Дүйсетаев, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары:

Банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді хабарлауды сұрамайтынын және телефон арқылы арнайы операция жүргізбейтінін атап өткім келеді. Мұндай қылмыстардың көпшілігі шетелден жасалады. Бұл оларды ашу процесін қиындатады. Бірінші кезекте интернеталаяқтыққа жол бермеудің ең тиімді құралы — азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатын арттыру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.