{metadescription}
Махачкала әуежайындағы бейберекетсіздіктен кейін 60 адам қамауға алынып, тергеу басталды
Махачкала әуежайындағы бейберекетсіздіктен кейін 60 адам қамауға алынып, тергеу басталды

Махачкала әуежайындағы бейберекетсіздіктен кейін 60 адам қамауға алынып, тергеу басталды

Дағыстан астанасы Махачкала әуежайындағы бейберекетсіздіктен кейін 60 адам қамауға алынды. Тәртіпсіздіктің бел ортасында белсенді болған 150 азамат анықталған. Жаппай тәртіпсіздік Тел-Авивтен келген рейске шабуылдан басталған болатын. 

Дағыстан азаматтарының ашуын туғызған — Газадағы жағдай. Атыс-шабысқа Израильді айыптаған олар Махачкалаға Тель-Авивтен келген ұшақты қондырмауды талап етеді. Жергілікті биліктің әуе кемесінде Израиль азаматтары жоқ дегеніне де ешқайсы иланбапты. Арасында ашулы азаматтары келген жолаушылардың төлқұжатын өздері тексеруге ұмтылған. Әуежайдан шығуға бет алған бүкіл көлікті тоқтатып, жүктеріне дейін ақтарған. Артынша жүздеген адам ұшып-қону жолағына басып кіреді. Соның салдарынан рейстегі жолаушылар қауіпсіздік шарасына байланысты бірнеше сағат бортта отырды. Ал қонуға үлгермеген ұшақтар көрші әуежайларға жіберілген. Тәртіпсіздік кезінде 20 адам зардап шекті. Арасында сақшылар да, жергілікті тұрғындар да бар. Олардың 10-ы ауруханада жатыр. Екеуінің жағдайы өте ауыр.

Осы оқиғаға байланысты тергеу басталды. Ал қираған қойма, бүлінген ғимарат, тоналған дүкендерден келген шығын көлемін әлі есептеп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.