{metadescription}
«Көк тиынына дейін қайтардым». Данияр Елеусінов жалақы дауына пікірін айтты
«Көк тиынына дейін қайтардым». Данияр Елеусінов жалақы дауына пікірін айтты

«Көк тиынына дейін қайтардым». Данияр Елеусінов жалақы дауына пікірін айтты

«Көк тиынын қалдырмай қайтарып бердім». Кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов жалақы дауына қатысты осындай пікір білдірді. Олимпиада чемпионы спорт мектебінен бір жарым жыл бойы алып келген еңбекақысын кері қайтарып, жұмыстан шығып кеткен.

Данияр Елеусінов, кәсіпқой боксшы:

Жақында ғана бір жарым жыл бойы алып келген жалақының барлығын кері қайтардым. Осылайша спорт мектебіндегі жұмыстан шықтым. Енді ол жерде жұмыс істемеймін. Салық мекемесіне барып, арнайы есеп жүргізіп, барлығын төледім. Көп сома деуге келмейді. Тәжірибем де тоқтап тұр. Ресми түрде жұмысқа орналасу керек. Бірақ кәсіби бокста жүргендіктен, ол әзірге мүмкін болмай тұр. Мен өз елімде жұмыс істеуге, өскелең ұрпақпен тәжірибемді бөлісуге дайын болдым. Ешқандай өкпе жоқ. Қазір бәрі жақсы. Жақында шаршы алаңға ораламын деп үміттенемін.

Таяуда ғана Данияр Елеусіновтің Астанадағы мемлекеттік спорт мектептерінің бірінен тұрақты түрде жалақы алып келгені туралы ақпарат әлеуметтік желіні шулатқан еді. Спортшы бірнеше жылдан бері АҚШ-та тұрып жатқанына қарамастан, спорт мектебіндегі қызметкерлердің қатарынан табылғанына көпшілік күмән келтірген. Кейін Астана спорт басқармасы да Данияр Елеусіновтің 2021 жылдан бері жаттықтырушы лауазымында жұмыс істейтінін растады. Ол жартылай штаттық негізде 80 мың теңге көлемінде жалақы алып келген екен. Өзіне қатысты ақпараттың ақ-қарасын ашып айтпаған былғары қолғап шебері араға бір ай салып даулы тақырыптың нүктесін қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде