{metadescription}
Алматыда Atriumplus үлескерлері қаражатты қайтарсын деп талап қоюда
Алматыда Atriumplus үлескерлері қаражатты қайтарсын деп талап қоюда

Алматыда Atriumplus үлескерлері қаражатты қайтарсын деп талап қоюда

Үйлі боламын деп, үй проблемасына тап болды. Алматыда Atriumplus компаниясының үлескерлері шу шығарды. Айтуларынша, "Көкжиек Сити" тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің кілті жаздың соңы мен күздің басында беріле бастауы керек болған. Алайда нысанның құрылысы әлі бітпеген.

Ол аздай, әу баста «комфорт» деп сатылған үйлердің санаты бір сәтте «эконом» болып шыға келіпті. Компаниядан әбден көңілі қалған қараша енді қаражатын қайтаруын талап етіп отыр.

Ясынжан Рахмидинов осыдан тура бір жыл бұрын үйлі боламын деген мақсатпен 13 миллион теңге несие алған. Сөйтіп ол қаражатты "Көкжиек Сити" тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтер алу үшін Atriumplus компаниясына құйыпты. Алайда қазір құрылысы аяқталуы керек болған пәтерінің түрін көріп жағасын ұстады.

Ясынжан Рахмидинов:

«Атриумплюс» компаниясы. Бір бөлмелі пәтерге 12 миллион 120 мың теңге, 100 пайызын төледім. Қарашада үйді беруі керек еді. Үй дайын емес. Құрылыстың сапасы да жоқ. Үйдің қалпы, міне. Нақты жауап жоқ. Құрылысшылар жоқ, алты ай болды. Хабарлассақ, ешкім жауап бермейді.

Баспаналы боламын деп арманы орындалмай қалған үлескерлердің саны жетіп жатыр. Өздерінің есебінше 400-ден асады. Айтуынша, пәтердің кілті кейбіріне қыркүйекте, өзгелеріне тіпті тамызда берілуі керек еді. Бірақ үйлерінің сиқы осы. Мерзімінен кешігуі былай тұрсын, жұрттың құрылыс сапасына да көңілі толмайды.

Қараңыз, қандай сызат түскен. Сапасын көрсетейін, қолыммен алып жатырмын. Бұл қалай «комфорт»? Бұл «экономға» да жатпайды. Қарапайым халықты қалай алдап жатыр?! Түсінбеймін, қалай кіреміз, қалай тұрамыз?!

Осы сұрақтарын арқалап үлескерлер компанияның кеңсесіне келді. Наразы клиенттерінің қарқынын көріп шошыған директор бірден құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігерді кінәләп шықты. Қазір соттасып жатыр екен. Бірақ келісімшарт бойынша «мерзімнен кешікпедік» деп отыр.

Аманжол Турамұратов, Atriumplus компаниясының бас директоры:

- Мердігерлермен проблема болды. Өйткені сапа жағынан дұрыс жасамаған. Комиссияны да құрдық. Жетекшісімен сөйлестік. Заң бойынша не қарайды, біз жағынан, кешіктіргеніміз үшін, желтоқсанға дейін уақыт бар, пайызбен ақшасын төлейміз. Әр кісіге айттық. Бірінші кезек қыркүйекте, оған 3-үшай қосылады, әр түрлі жағдаймен, желтоқсан.

Алайда үйдің кілті желтоқсанда беріледі дегенге үлескерлер мүлде сенбейді. Баспаналардың сиқын өздеріңіз көрдіңіздер. Толық соғылып бітуі керек болған 22 үйдің әзірге тек алтауы ғана тұрғызылған дейді. Сондықтан жұрттың басым бөлігі енді ақшасын қайтаруын талап етіп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде