{metadescription}
Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұзу әлі де жалғасады
Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұзу әлі де жалғасады

Ақтауда заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұзу әлі де жалғасады

Ақтауда заңсыз салынып жатқан тұрғын үй кешені сүрілді. Себебі құрылыс компаниясы бұл ғимаратты рұқсатсыз тұрғыза бастаған. Сондықтан бірінші қабаты қалана бастаған ғимаратты ауыр техникамен талқандап тастады.

Шенеуніктер құжаттары жоқ жобасы сараптамадан өтпеген тұрғын үйді заңсыз деп тану туралы сотқа шағымданған. Себебі салынбай жатып пәтерлері сатылып кеткен ғимарат құрылыс талаптарына сай келмейді дейді екен. Сондықтан оны сүру туралы сот шешімі шығарылып, заңды белшесінен басқан кәсіпкердің еңбегі еш кетті. Енді осы үйден баспана алғандар ақшасын құрылыс компаниясынан даулауы тиіс. Жалпы облыстық сәулет басқармасы өңірде заңсыз салынып жатқан нысандар бойынша сотқа 30 шақты талап-арыз түсірген екен. Оның 26-сына тиісті шешім шығып, сүрілген. Шенеуніктер заңсыз салынған тұрғын үйлерді бұзу әлі де жалғасады деп отыр.

Дәурен Өтепқали, Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы:

Бұл объектіге қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Сол жоспардың қорытындысы бойынша бұл құрылыс ешқандай рұқсатнама құжаттарын рәсімдемеген, яғни сәулетжоспарлау тапсырмасы жоқ. Сонымен қатар эскиз жоба келісілмеген. Жобасы жасақталмаған. Сараптаманың оң қорытындысы жоқ. Тиісті құрылысмонтаж жұмыстарын бастау туралы рұқсатнама қағаздары жолданбаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде