{metadescription}
БҚО-да бекірені тонналап сатқан браконьерлер анықталды
БҚО-да бекірені тонналап сатқан браконьерлер анықталды

БҚО-да бекірені тонналап сатқан браконьерлер анықталды

Батыс Қазақстан облысының полицейлері бекіре балығын тонналап сатқан браконьерлерді анықтады. Қылмыстық топ өңірдегі базарларды ұрланған уылдырықпен де қамтамасыз етіп келген.

Бекіре балығы мен қызыл және қара уылдырық Оралдағы сауда орындарына жалған құжатпен жеткізілген. Ірі көлемде тәркіленген тауар мен айналымдағы қаржы мөлшеріне қарағанда браконьерлердің көл-көсір пайдаға кенелген. Полицейлер күдіктілерден бір жарым тоннадан аса бекіре балығы мен 30 келіден астам уылдырық тәркілеген. Үш миллион теңге ақша да табылған.

Қылмыстық топ Қызыл кітапқа енген балықты аулағаны және заңсыз саудалағаны үшін 25 миллион теңге айыппұл арқалауы мүмкін немесе әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айрылады.

Нұржан Қуанғали, БҚО ПД баспасөз қызметінің бастығы:

- Тапнша, оқ дәрі, таразы, пышақ, дүрбі тәркіленді. Ұсталған азаматтар Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. ҚР ҚК 339-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде