{metadescription}
Алматыда 24 субұрқақты жөндеуге жоба әзірленіп жатыр
Алматыда 24 субұрқақты жөндеуге жоба әзірленіп жатыр

Алматыда 24 субұрқақты жөндеуге жоба әзірленіп жатыр

Алматыда субұрқақтар маусымы аяқталды. Қаладағы фонтандар күннің салқындауына байланысты бүгіннен бастап тоқтатылып, күзгі-қысқы кезеңге арналған консервациялау жүргізілуде.

Шаһарда жалпы 150 субұрқақ бар. Оның 65-і қала меншігінде. Қазір суы ағызылып, құбыр жүйелері тазартылып жатыр. Өзге бөлшектері мен жабдықтарын мамандар шешіп алуда. Бұл ең алдымен құрылғылардың қысқы уақытта қар астында қалмауы үшін қажет. Яғни келесі маусымға дейін өңін жоғалтпай, жарамды болуы үшін жасалып жатыр.

85 субұрқақ жекенің меншігінде. Бәрі қонақүйлердің, сауда орталықтарының алдында орналасқан. Сондықтан оларға қожайындары жауапты. Фонтандар дәстүрмен жылда мамыр айынан бастап іске қосылады. Қазірдің өзінде қаладағы 24 субұрқақ жөндеуді қажет етеді. Әкімдектегілер аталған мәселеге қатысты жоба әзірлеп жатыр.

Ермек Тілекенов, «Эко Алматы» ЖШС жоспарлау және жөндеу бөлімінің басшысы:

Фонтан суық кезде керек емес. Сол себептен фонтантар тоқтатылып, келесі көктемге дейін ол жөндеуден өткізіледі. 65 фонтанның құралжабдығын тиісті жерге жинап қойдық. Жұмыстың барлығы жүргізіліп жатыр. Қозғалтқыштарының бәрін тексеріп, қарап, келесі жылға дайындап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде