{metadescription}
Қайыңды көліне апаратын 12 шақырым жол жөнделеді
Қайыңды көліне апаратын 12 шақырым жол жөнделеді

Қайыңды көліне апаратын 12 шақырым жол жөнделеді

Бір туристтің өмірі қиылған Қайыңдының жолы келесі жылы жөнделуі мүмкін. Бұған облыс бюджетінен бір жарым миллиард теңге бөлінеді деп жоспарланыпты.

Өткен айда Қайыңды - Саты жолында жантүршігерлік жол апаты болды. Қарсы бағытта жүйткіген автобус УАЗ көлігімен бетпе-бет соғылған. Екі темір тұлпарда да туристер лық толы еді. Қатты соққыдан 36 жастағы жолаушы мерт болып, тағы 34 адам түрлі жарақат алған. Сол кезде туристік компаниялар кедір-бұдыр жолдың кесірінен осындай ескі көліктерді жалдайтынын жеткізген. Өйткені әлдеқайда қауіпсіз темір тұлпарлар мұндай нашар жолмен мүлде жүре алмайды. Енді табиғи парктің қызметкерлері Қайыңды көліне апаратын 12 шақырым жол жөнделеді деп отыр.

Хамит Ахметов, «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:

- Бір жарым миллиард теңгедей бөлінеді. Қайыңды көліне дейін жол салынады. Келесі жылы жоспарлы түрде іске асырылады. Екіншіден, Қайыңды көлінде жыл сайын тоспа салу мәселесі қолға алынған, оның құны 600 миллиондай. Сенбі, жексенбі күні тұрақты түрде жол полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Егер талапқа сай келмейтін болса, ол көліктерді жүргізбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде