{metadescription}
Депутаттар: «Қит етсе, ұлттық қорға қол салуды қою керек»
Депутаттар: «Қит етсе, ұлттық қорға қол салуды қою керек»

Депутаттар: «Қит етсе, ұлттық қорға қол салуды қою керек»

«Қит етсе, ұлттық қорға қол салуды, қол салғанда да мол салуды қою керек». Бюджетті талқылау кезінде депутаттар Үкіметке осындай ескерту жасады. Себебі, президент қордағы қаражатты 2030 жылға қарай 100 млрд АҚШ долларына жеткізуді шегелеп тапсырса да, өсім жоқ. Керісінше, айналдырған екі жылда 7 млрд доллар ұшты-күйлі жоқ болып, небәрі 60 млрд-ы қалған.

Нұртай Сабильянов, Мәжіліс депутаты:

- Ұлттық қордан болашақта қаражат алуды тоқтатуымыз керек және оның тиімділігін арттыруымыз керек. Тиімділігі дегенде айтылатын бір нәрсе бар. Бұл Ұлттық қорды пайдалану бізде тиімсіз. Өйткені 2022 жылдың өзінде 1 триллион 300 млрдта аса шығынға батыпты. Енді дайын қаражатты басқара алмау да дұрыс емес қой. Біз осының барлығын республикалық бюджеттің тапшылығын жабу үшін істеп отырмыз. Республикалық бюджет тапшылығы экономиканы дамытумен жабылуы керек.

Бір емес бірнеше депутаттың Ұлттық қорға қатысты алаудаңшылығына Үкімет басшысы жауап берді. Әлихан Смайыловтың сөзінше, келер жылдан бастап қордағы қаражаттың соқыр тиынына дейін қайда жұмсалып жатқаны дүйім жұртқа ашық көрсетіледі. Себебі қаңтардан бастап қордың инвестициялық табысынан балаларға қаражат аударылып отырады. Оны әрбір ата-ана еш шектеусіз бақылай алады. Үкімет инвестициялық жобаларды жүзеге асырып, Ұлттық қордан тартылатын қаражат, нысаналы трансфертті азайтады деп уәде берді премьер.

Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:

- Республикалық өз кірістерін көбейту үшін біз экономиканы ұлғайтуымыз керек. Екіншіден, кедендік және салықтық әкімшілендіруді жақсартуымыз керек. Цифрландыруымыз керек. Көлеңкелі экономиканы тыю керек. Қазір кешенді жұмыс істелініп жатыр. Мысалы соңғы төрт жылда осы шаралардың нәтижесінде республикалық бюджеттің кірісі 3 триллион теңгеге ұлғайтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде