Тас жолда лапылдап жанған жүк көлігімен бес сағат арпалысты
Өрт сөндірушілер Жамбыл облысында тас жолда лапылдап жанып жатқан жүк көлігін сөндіру үшін бес сағат әуре-сарсаңға түскен. Жанармай құю бекетіне келгенде 20 тонналық цистернасы газға лық толы КамАЗ көлігінде от шыққан. Жүргізуші көлікті жалма-жан бекеттен алысқа айдап, кабинадан шығып үлгерген.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
01.11.2023
Оқиға Тараздан 20 шақырым жердегі Сарыкемер ауылы маңында болған. 20 тонналық газ тасымалдайтын КамАЗ бекетке келгенде лапылдап жана бастаған. Өрттің беті қатты болғаны сонша, қызыл жалын үш метрге дейін көтерілген. 33 өрт сөндіруші жабылып жүріп бес сағат бойы жүк көлігіне су шашты. Сөйтіп цистернаны салқындатқан. Егер цистерна қызып кетсе, жарылуы мүмкін деп қауіптенген. Ешкім зардап шекпеген.
Карина Карташова, Жамбыл облысы ТЖД ресми өкілі:
- Өрт сөндірушілер сағат 20:49-да оқшауландырып, 21:34-те толық сөндірді.Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!