{metadescription}
Нарықта сұраныс төмендесе де, баспана қымбаттап барады
Нарықта сұраныс төмендесе де, баспана қымбаттап барады

Нарықта сұраныс төмендесе де, баспана қымбаттап барады

Елімізде баспана нарығында сұраныс төмендеген. Бірақ соған қарамастан құны аспандап барады. Тұрғын үй бағасы тағы 5 пайызға өседі дейді сарапшылар. Жаңа шаршы метрлер де көбейіп, құрылыс қарқыны тоқтамауда. Мәселен, жаңа тұрғын үйлер өткен жылдармен салыстырғанда биыл 13 пайызға артық бой көтеріпті.

Қазір олардың бір шаршы метрінің бағасы 500 мың теңгеден басталады. Жылжымайтын мүлік нарығының бүгіні мен ертеңі жайында толығырақ тілшіміз Салтанат Шырынхан тарқатады.

Еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығының қазіргі жағдайы алаңдатарлық. Өйткені құрылыс қарқыны қалай өссе, бағасы да бой бермей келеді. Мәселен, биыл салынған үйлердің әр шаршы метрі 500 мың теңгеден басталады. Экономистер, әсіресе аймақтарда сұраныстың мүлдем сап тыйылғанын айтады. Соған қарамастан баға да баяғы қалпында.

Мақсат Халық, экономист:

- Қазіргі уақыттағы жылжымайтын мүлік бағасы өзінің нақты, шынайы бағасына сәйкес емес. Ол жерде анық көпіршік бар деп айтылады. Сарапшылар да солай деп отыр. Бұл жерде пандемияның алдында ғана қазіргі баға екі есе төмен болған. Ал қазір қатты өсіп кеткен. Демек ол өз бағасына сәйкес емес.

Алматы мен Астанадағы ахуал бөлек дейді сарапшылар. Яғни ірі қалалардағы тұрғын үйлер мен жалдамалы пәтерге деген қажеттілік қашан да бар. Оған ең алдымен ауыл тұрғындары мен жастардың жыл сайын шаһарға ағылуы себеп. Ал мердігер қауымдастығындағылар бағаның өсуіне шығынның көптігін алға тартады.

Виктор Микрюков, Қазақстан мердігерлері қауымдастығының президенті:

- Баспана бағасына келер болсақ, барлығы шаршы метрге төленетін құнына байланысты. Ол орналасқан жеріне қарай әртүрлі. 260290 мың теңгеден басталып ары қарай өсе береді. Оған қоса, құрылыс материалдарының құны шарықтап тұрған сәтте, үйдің бағасын төмендету мүмкін емес. Яғни оның барлығы қып-қызыл ақша.

Ресми статистикаға сәйкес, биыл ескі үйлердің нарықтағы құны 4 пайызға төмендепті. Ал риелторлар баспанаға қатысты ұсыныс пен жасалатын келісімшарттың сұраныстан асып түсетінін айтып отыр.

Асхат Базарбаев, Жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

- Бағаның түсіп жатқаны байқалмайды. Керісінше, сұраныс төмен. Егер салыстырып қарасақ, Алматының әр ауданында қазіргі сәтте айына 6 мыңнан аса келісім жасалған. Бұл сұраныстың 20 пайызға төмендегенін көрсетеді. Ал құны еш өзгеріссіз. Одан бөлек, ескі үйлерге де қазір сұраныс жоқ. Өйткені 70 жыл бұрын салынған үйлер ипотекалық несиелеуге жарамсыз.

Ескі үйлерге қатысты ұсыныс азайғанымен, көп жағдайда үй иелері бағаны сол күйінде ұстап отыр. Мердігерлер қауымдастығы жаңа пәтерлердің де бағасы шарықтамаса, арзандамайтынын айтады. Одан бөлек, инфляцияға тікелей байланысты. Әсіресе ірі қалаларда бағаның тағы да өсуі мүмкін екен.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде